Маңғыстауда үшем дүниеге келді

1145

Маңғыстауда үшем дүниеге келді

Бейнеу ауданының тұрғыны Балғазы мен Нұрияның отбасы бір ұл, екі қызбен толықты. 4 қазан күні үшемдерді әкесі мен бауырлары облыстық перинаталдық орталықтан шығарып алды, деп хабарлайды aikyn.kz.

"Жаратқан ие үшемді сый­лап, көңілімізді көтерді. Ұлым Балғынбек тоққа түсіп екі қолынан айырылып қалғанда облыс халқы көмек көрсетті. Жиналған қаражатқа жақын күндері ұлыма протез салдырта­мыз. Дер кезінде көмек қолын созып, қамқорлық танытқан жан­дарға алғыс айтамын. Сә­билер жыламасын, бейбіт елде балалық шағы бақытқа толы болып өссе деймін. Қазіргі таңда ескі үйде тұрып жатырмыз, үйіміз суық. Бұрын жеке төрт бөлмелі баспанамыз болған еді Балғын­бегіміздің еміне қаражат қажет болып, сатып жібердік", – дейді үшемнің әкесі, 33 жастағы отағасы Балғазы Серікбаев.
Облыстық перинаталдық ор­талығы жетілдіру бөлімінің мең­герушісі Әлия Өтеуленованың ай­туынша, үшемдер 33 апта тол­ғанда кесарь тілігі арқылы өмірге кел­ген. Алғашқы болып дүние есі­гін 2 340 грамм ер бала, одан ке­йін 2 090 және 2 270 грамм қос қыз ашқан. Қазіргі таңда ананың да, балалардың да жағдайы жақсы.
Бүгінде Балғазы мен Нұрия­ның отбасында Балғынбек, Ақманар, Нұржауған, Айқын мен Айдын атты егіздер өсіп келеді. Шаңыраққа үлкен қуаныш сыйлаған кішкентай сәбилердің есімдерін енді ата-анасы Елжан, Маржан, Айжан деп атамақшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу